Abstract:
«М.Оспанов атындағы БҚМУ» КеАҚ оқытушылары және Стратегиялық серіктес
Познань медициналық ғылымдар университеті оқытушыларымен академиялық
ұтқырлық бағдарламасын даярлау» жоспарына сай серіктес университеттің
тәжірибесін оқи отырып, отандық оқу және ғылыми зерттеу процесіне енгізу
заманауи білім беру жүйесінің кадр даярлау және қайта даярлаудың негізгі
бағдары болып отыр.
Мақсаты. Стратегиялық серіктес университеттің тәжірибесін басшылыққа
ала және қазақстандық білім беру ерекшелігін ескере отырып, қазіргі заманғы
еңбек нарығында сұранысқа ие жоғары білікті мамандарды даярлау мақсатында
профессор-оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту.
Осы мақсат бойынша академиялық ұтқырлықпен серіктес университетке
іссапарға барған бірқатар оқытушыларға Познань медициналық ғылымдар
университетінде қолданылатын инновациялық әдістерді «Гистология» пәні
мысалында таныстырды. Мысалы, дәстүрлі әдіс, микроскопты қолдану арқылы
оқыту, проекторды қолдана отырып микроскопиялық препараттарды оқыту,
сандық суреттерді қолданып оқыту, мәселеге бағытталған оқыту, адамның моторлы қызметіне негізделген оқыту, мүше және жүйеге бағытталып оқыту
түрлерінің артықшылықтарымен кемшіліктеріне тоқталды.
Стратегиялық серіктестік аясында жасалған бағдарламалар қазіргі заманғы

оқу бағдарламаларын жетілдіріп, білім берудің әртүрлі инновациялық түрлерін
өз тәжірибемізге енгізуге мүмкіндік береді.
Description: