Abstract:
Бактерияға қарсы препараттарға төзімділік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) жіктемесі бойынша жаһандық денсаулық сақтау үшін аса маңызды он қауіптің бірі ретінде белгіленген. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, жыл сайын әлемде шамамен 700 мың адам антибиотиктерге төзімді микроағзалар туындатқан инфекциялардан көз жұмады [1]. Егер төзімділік таралуын шектеуге бағытталған пәрменді шаралар қабылданбаса, жағдай одан әрі күрделене түспек: болжамдарға сәйкес, 2050 жылға қарай әлемде мұндай инфекциялардан болатын өлім-жітім жылына 10 миллион жағдайға жетуі мүмкін, оның ішінде 2,4 миллионы табысы жоғары елдерде тіркелуі ықтимал [2,3].
2019 жылы Қытайдың Ухань қаласында басталған COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемге таралып, денсаулық сақтау жүйелері үшін бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер туындатты. Бұл пандемияның негізгі салдарларының бірі-бактерияға қарсы препараттарға төзімділік мәселесінің тереңдей түсуі болды. ДДҰ мәліметтері көрсеткендей, COVID-19-бен ауруханаға жатқызылған науқастарға антибиотиктер шамадан тыс тағайындалған. Мұндай жағдай, әсіресе, бактериялық немесе зеңді инфекциялар сирек анықталғанына қарамастан кеңінен орын алған
Description: