Abstract:
Жаһандану заманында адамзат, ұлт, мемлекет жетістігі оның әлемдегі орны
күшпен емес, біліммен, ғылыммен өлшенеді. Сондықтан Тәуелсіз Қазақстан
үшін жастарымызға ғылыммен ұштасқан білім беру, оларды Адал Азамат етіп
тәрбиелеу аса маңызды. Білім беру ісі күрделі әрі жауапты іс екендігін бүкіл әлем
елдері де, осы сала мамандары да жоққа шығармайды. Алайда, білім абстрактілі
берілмейді, ұлттық-унитарлы мемлекеттерде ол негізінен белгілі бір ұлт пен
ұлыс өкілдеріне олардың табиғи және рухани қажеттіліктерін ескере отырып
беріледі. Ендеше, жастар бойындағы: ұлттық болмысты, ұлттық менталитетті,
ұлттық сананы қалыптау өзекті мәселелердің бірі болмақ. Ал осы аталғандарды
жүзеге асыруда әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың орны бөлек. Біздің
мақаламыздың басты мақсаты және өзектілігі – жоғары оқу орнында өтілетін
әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің мазмұнына саяси-әлеуметтік және
дүниетанымдық тұрғыдан талдау жасай отырып, оларды болашақта қалай
оқытуымыз керектігі туралы пікір бөлісу.
Бүгінгі жастар болмысын қалыптастыруда білім қандай қажет болса, олардың
саналы, парасатты, әдепті адам болуларында тәрбиенің де орны ерекше. Білім
мен ғылымның ел мен елді теңестіретін қандай шындық болса, тәрбиесіз
берілген білімнің де адамға пайдасыздығын талай ойшылдар айтқан. Мақалада
«тәрбиесіз берілген білім – адамзаттық қас жауы» (Әл-Фараби) – деген қағиданы
басшылыққа ала отырып, білім мен тәрбиенің тығыз байланысты екендігі де
сөзсіз болады.
Нәтижесінде: Қазіргі білім беру процесінде өз кәсібін терең игерген маман
қандай қажет болса, әлеуметпен тіл табыса білетін, гуманитарлы тұрғыдан
білікті, тәрбиелі, Адал Азамат болу, тәуелсіз елге, ұлтқа саналы қызмет ету
азаматтық парыз деген ой қорытынды жасалады.
Description: