Abstract:
Кіріспе. Қатерлі ісік ауруларынан өлім себебін төмендету мақсатында барлық
ісік ауруларында ерте және дұрыс диагностика барлық уақытта өзекті болып
қала береді. Асқазанның қатерлі ісігінің клиникалық ағымын болжау үшін
процестің қатерлілігін сипаттайтын клиникалық-морфологиялық критерийлер
кеңінен қолданылады.
Мақсаты. Асқазанның қатерлі ісігінің диффузды және интестинальды
түрлерінің клиникалық-морфологиялық диагностикасын негіздеу.
Әдістер. Зерттеу дизайны: сипаттамалы ретроспективті бір ретті көлденең
зерттеу. Зерттеу Ақтөбе облыстық патология-анатомиялық бюросында 2018-
2020жж. аралығында зерттеуге түскен 109 науқастың материалына жүргізілді. Салыстыру сапасының сынамалары арасындағы айырмашылықтарды бағалау
Пирсонның хи-квадраттық критерийі арқылы жүргізілді.
Нәтижелер. Асқазанның қатерлі ісігінің диффузды түрі зерттеуге алынған
109 науқастың 33 пайызында анықталды, науқастардың орташа жасы 58
жасты құрады және ісік 72% жағдайда асқазанның проксимальды бөлімінде
орналасқандығы анықталды, сонымен қатар гистопатологиялық ерекшелігі
бойынша 67% жағдайда төмен жіктелген ісік түрінде байқалды. Ал асқазанның
қатерлі ісігінің интестинальды түрі 67% жағдайда анықталып, науқастардың
орташа жасы 69 жасты құрады және науқастардың 58 пайызында ісік асқазанның
дистальды бөлімінде кездесті, сонымен қатар гистопатологиялық 55% орташа
жіктелген түрде анықталды.
Қорытынды. Асқазанның қатерлі ісігінің диффузды және интестинальды
түрлерінің диагностикалық критерийлерінің ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу
науқастарға дер кезінде диагнозын негіздеуге мүмкіндік береді.
Description: