Abstract:
Мақсаты. Мақалада «Жалпы медицина» мамандығына арналған «Мектеп
медицинасы» элективті пәнінің білім беру бағдарламасына талдау ұсынылған.
Білім беру бағдарламасында Дублинді дескрипторға сәйкес оқытудың соңғы
нәтижесі жүйелендіріліп, оқытудың мақсаты мен міндеттері көрсетілген.
Мектеп медицинасы – профилактикалық медицинаның негізі болып табылады.
Жоғарғы оқу орындарында негізгі құжат – білім беру бағдарламасы. Білім беру
бағдарламасында пәннің құрылымдық мазмұны – қысқаша түрде көрсетіледі
және де пәннің мақсаты, міндеті, соңғы қорытындысы, оқу жұмысының
формасы, сонымен қатар қойылған мақсаттардың қол жетімділігін бағалаумен
іске асырылады. Мектеп медицинасы медицинаның ғылыми бағыты және
денсаулық сақтау саласының тәжірибелік саласы ретінде жасөспірімдердің
денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған алдын алу шараларын негіздеуге
және дамытуға бейімделген. Ол қоршаған және әлеуметтік ортаның денсаулыққа
жайлы және қатерлі себептерінің әсерін саралайды, өсетін организмге олардың
әсерін бағалайды және болжайды. Авторлар ұжымымен «Мектеп медицинасы»
элективті пәні бойынша Авторлық құқықпен қорғалатын обьектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы Куәлік 2021
жылғы 14 маусым № 18681 алынды.
Description: