Abstract:
Мұнай-газ аймағында ұзақ уақыт өмір сүру осы жердің тұрғындарын көптеген психосоматикалық ауруларға шалдығуын
және бейім болуын жоғарылатады. Бұл мақалада біздер осы аймақ тұрғындарының психофизиологиялық денсаулығы
жағдайын бағалап, нәтижелерін бір жүйеге келтіруге тырыстық.
Зерттеу мақсаты: субъективті MFI – 20 шкаласы бойынша сауалнама жүргізу арқылы қатысушылардың психологиялық
профилін зерттеп, зерделеу.
Зерттеу материалы мен әдістері. Зерттеу нысаны – мұнай-газ өндіруші елді мекендердің 18-50 жас арасындағы
тұрғындары: Шенгелші – 39, Саға – 48, Кеңкияқ – 155, Сарыкөл – 144, барлығы – 384 адам. Іріктеуге сәйкес бақылау ауданы
ретінде Қобда елді мекен тұрғындары – 384 адам алынды.
Сауалнама респонденттерге бір реттік көлденең зерттеу әдісімен жүргізілді.
Нәтижелері: Алынған нәтижелерді статистикалық талдау арқылы мұнай-газ аймағы тұрғындары мен бақылау ауданы
тұрғындарының психофизиологиялық жағдайы анықталды. Мұнай-газ аймақ тұрғындары сыртқы ортаның зиянды факторлар
әсеріне ұшырауы басым. Бұл жағдай адамның психофизикалық күйіне кері әсер етіп, әйелдер мен ерлерде де физикалық,
психикалық астенияның дамуын туындатады. Осыған ұқсас жағдай «психикалық астения» мен «физикалық астения»
көрсеткіштері ерлерде де әйелдерде де бақылау ауданымен салыстырғанда байқалуда.
Қорытынды: Сондықтан, жүргізілген зерттеу нәтижесінде сыртқы факторлар (мұнай-газ өндіру аймағы) тұрғындардың
психофизикалық денсаулығына негативті әсер етеді. Мұны екі тәуелсіз топты салыстыру арқылы дәлелдедік. Олардың астения
(р<0,01) көрсеткіштері бойынша мәнді айырмашылығы болды. Жалпы барлық психологиялық профильдер көрсеткіштері
астенияны бағалайтын субъективті MFI – 20 шкала көрсеткіштерімен (р<0,01) тіке корреляциялық байланыста екені
анықталды.
Description: