Abstract:
Өзектілігі. Тамақтану тұрғындар денсаулық жағдайына әсер етуші негізгі факторлардың біріне
жатады. Жастардың денсаулығы маңыздылығын және оның болашақтағы экономикалық, әлеуметтік
және мәдени ел потенциалын қамтамасыз етуші факторы екенін ескере отырып, біздер - студенттер
тамақтану жағдайын зерделедік.
Зерттеуіміздің мақсаты: Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина
университеті студенттерінің нақты тамақтану ерекшеліктерін зерделеу.
Зерттеу материалы мен әдістері: зерттеу нысаны болып 20-21 жастағы 105 студент болды.
Олардың ішінде бойжеткендер - 80,9%, бозбалалар - 19,1 % құрады. Барлық студенттер Марат Оспанов
атындағы БҚММУ «Қоғамдық денсаулық сақтау» факультетінде оқиды. Нақты тамақтануды зерделеу
үшін тәуліктік энергия қажеттілігі, 24 сағаттық тамақтануды жаңғырту әдісімен азық-түліктегі
тағамдық заттар құрамы анықталды. Зерттеу студенттерге сауалнама және сұхбаттасумен жүргізілді,
ол үшін арнайы құрастырылған сауалнамалар қолданылды, онда жан-жақты зерттеу үшін барлық
параметрлер берілген.
Нәтижелері: Респонденттердің көпшілігінде мынадай симптомдар байқалды, әлсіздік, бастың
ауыруы, тез шаршағыштық, бұл тамақтану бұзылысымен де, жоғары күйзелістік жүктемелермен де
байланысты болуы мүмкін. (71,6±4,8)% бойжеткендер мен (29,4±1,04) % бозбалаларда ас қорыту
трактысы аурулары бар екендігі анықталды (эпигастрии аймағының қыжылдауы, тағам қабылдағаннан
кейінгі «ауырлық» сезімі). (75,6±40,3) % бойжеткендермен (70,5±32,5)% бозбалалардың шектен
тыс тітіркенгіштік, мазасыздық, ұйқының нашарлығы, есте сақтаудың және зейіннің нашарлауы, ой
еңбегіне қабілеттіліктің төмендеуі шағымдары байқалды. Тері жамылғысы мен көз коньюнктивасының
бозаруы, әлсіздік, физикалық күш түскенде ентігу (22,9±1,1)% бойжеткендер мен (35,2±2,7)%
бозбалаларда анықталды. Кариес (51,3±15)% бойжеткендер мен (52,9±17) % бозбалаларда анықталды.
Қорытынды: Студенттердің нақты тамақтануы рационалды емес, адекватты емес, тамақтану
тәртібінің айқын бұзылыстары анықталды. Студент-медиктердің рационы негізгі тағамдық заттардың
құрамы бойынша балансталмаған. Екі есеге жақын майлардың қолданылуы жоғарылаған, көмірсулар
негізінде ұннан жасалған (макарон, кондитер) тағамдармен көрсетілген. Студенттердің көпшілігінде
(70% жоғары) алиментарлы-тәуелді жұқпалы емес аурулардың белгілері байқалады.
Description: