Abstract:
Жүктілікті көтере алмаушылық, соның ішінде үйреншікті көтере
алмаушылық осы күнге дейін өзінің өзекті мәселе екендігін жойған жоқ.
Жүктілікті үйреншікті көтере алмаушылық – жүктіліктің өздігінен екі немесе одан
да көп үзілуі. Жүктілікті үйреншікті көтере алмаушылық барлық жүктіліктің 2
%-ын құрайды. Ал жүктілікті көтере алмаушылық арасында 5-тен 20%-ға дейін
кездеседі. Жүктілікті үйреншікті көтере алмаушылық – репродуктивті жүйе
қызметінің бұзылысы негізінде дамитын полиэтилогиялық асқыну. Оның даму
себептеріне репродуктивті жүйенің эндокриндік бұзылысы, қабынуға әкелетін
әртүрлі инфекциялар, истмикалық – цервикалды жеткіліксіздік, жатыр дамуының
ақаулары, хромосомдық ауытқулар және тағы басқа аутоиммунды бұзылыстар
жатады. Жүктілікті көтере алмаушылықтың нақты себептерін анықтамай, сондай-
ақ, анықталған жағдайда дұрыс ем жүргізілмесе, келесі жүктілікті жоспарлау
және оның соңына дейін жететіндігіне күмән тудыруға болады.
Description: