Abstract:
Мақалада Қазақ халқының әлеуметтік-саяси, рухани тарихында
хандардың алатын орны туралы сөз болады. Биылғы жылы Президенттің
Жарлығымен Қазақ хандығының 550 жылдығы Республика бойынша кең көлемде
аталып өтілді. Мақалада жастарға тәлім-тәрбие берудегі қазақ хандарының
үлгілі іс-қимылдары мен тағылымды танымдары, ел басқару ісіндегі тәжірибесі,
мұрасы, хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге жұмсаған қажырлы
қайраты, елдік жөн-жоралғылары, биік заң үрдістері сөз болады. Олардың
далалық әдет-ғұрыптарға (заңдарға) байланысты сіңірген еңбектеріне, ақылы
мен шешендігіне, күрделі дауларды әділ шешкеніне, елдің іргесін аман сақтауда
сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, сыртқы жауға бел алдырмағанына, елдің
ішкі жағдайын реттеудегі тиянақты тәртіпті орнықтыруына, түрлі әлеуметтік-
экономикалық, саяси-рухани қарым-қатынастарға сай туындаған даулардың
шешімдерін білгірлікпен таба білгендігіне ерекше көңіл аударылады. Қазақ
хандарының осындай игілікті істері жас ұрпаққа үлгі етілуге тұрарлық деген
тұжырым жасалады.
Description: