Abstract:
Медициналық жоғары оқу орындарының студенттеріне «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыту үрдісінде бұлттық
технологияларды пайдалану тиімділігі қарастырылған. Олардың ақпараттық коммуникациялық технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру үшін осы технологияларды оқу үдерісінде қолданудың оң нәтиже беретіндігі
зерттелген. Бұлттық қызметтер, оның ішінде, Google Drive бұлттық қызметінің
артықшылықтары мен кемшіліктері, білім беру үрдісін жақсартуға арналған
қосымшалары егжей-тегжейлі баяндалған. Google Drive қызметінің ұсынатын
қолданбалы бағдарламаларына жеке-жеке тоқталып, олардың «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәнін онлайн оқытуда беретін мүмкіндіктері
қарастырылған. Атап айтқанда, Google Docs – мәтіндік ақпаратты өндеуге
арналған мәтіндік редакторы, Google Sheets – сандық ақпараттарды өңдеу,
диаграммалар тұрғызу, есептеулерді автоматтандыру үшін электрондық кестелер,
Google Slides – презентацияларды жасау, демонстрациялау қосымшасы, Google
Sites – қарапайым веб парақтарды құрып, дайын үлгілер арқылы безендіріп,
оларды жариялау құралы, Google Forms – білімді бақылауға арналған тесттер,
сауалнамалар құруда қолданылатын кері байланыс құралдарының қызметтері
мен пәнді оқытуды тиімді ету жолдары қарастырылған. «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар» пәнін онлайн оқытуда жоғарыда көрсетілген
Google Drive бұлттық қызметінің қосымшаларын пайдаланып сабақ өткізу,
әдістемелік құралдар, білімді бақылау тесттерін дайындау жолдары айтылған.
Бұлттық қосымшаларды пайдаланып өткізілген ашық сабақтардың мысалдары
келтірілген.
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың көптігін ескерсек, неліктен осы
бұлттық қызмет түріне тоқтау жасалғандығы нақты мысалдармен, талдаулармен,
зерттеулер нәтижесінде көрсетілген. Бұлттық қызметтердің дидактикалық
мүмкіндіктері нақтыланып, оларды «ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар» пәнін оқытуда педагогикалық пайдалану шарттары анықталған.
Бұлттық қызметтерді пайдалану негізінде оқу үрдісін жобалаудың әдістемелік
аспектілері көрсетілген.
Description: