Abstract:
Зерттеу мақсаты: Ақтөбе қаласында тұратын егде жастағы адамдардың
денсаулық жағдайы мен өмір сүру сапасын бағалау.
Әдістері: Ақтөбе қаласында тұратын егде жастағы адамдардың өмір сапасын
бағалау бойынша бірмезеттік-көлденең зерттеу жүргізілді. Статистикалық
мәліметтер бойынша алынған іріктеме мөлшері 148 адам. Өмір сапасы
Еуропалық EuroQol 5D (EQ-5D) сауалнамасы және визуалды аналогтық шкаласы
(EQ-VAS) арқылы бағаланды.
Нәтижелер: Біз егде жастағы зерттеуге қатысушыларды жұмыспен қамту
бойынша 2 топқа бөлдік. Бірінші топты жұмыс істейтін зейнеткерлер (78 адам),
екінші топты – жұмыс істемейтін зейнеткерлерді (70 адам) құрады. Іріктеменің
21,6%-ы толық денсаулық жағдайында екені анықталды («11111» профилі).
Оның ішінде жұмыс істейтін респонденттер (93,75%) жұмыс істемейтіндерге
қарағанда (6,25%) айтарлықтай жоғары.
Қорытынды: Алынған нәтижелер бойынша біз жұмыс істейтін егде жастағы
адамдардың өмір сүру сапасының көрсеткіштерінің параметрлері жұмыс
істемейтін зейнеткерлермен салыстырғанда жоғары деген қорытындыға келдік.
Сонымен қатар, көрсеткіштердің төмендеуі жасына, физикалық қызметке
байланысты.
Description: