Аннотации:
Өзектілігі. Кіндік бау-тыныс алу газдарын, қоректік заттарды және метаболиттерді
тасымалдауға болатын ана мен ұрық арасындағы жалғыз байланыс. Кіндік баудың
арқасында ұрықтың қозғалу мүмкіндігі де бар, бұл оның дұрыс психомоторлық дамуы
үшін қажет. Кіндік бау тамырларының және бүкіл кіндік баудың дұрыс құрылымы мен
қызметі ұрықтың дұрыс дамуы мен өмір сүру мүмкіндігін анықтайды.
Зерттеудің мақсаты. Асқынбаған жүктіліктен кейін тірі, мерзімінде жаңа туған
нәрестелердің кіндік бауының негізгі морфометриялық көрсеткіштерін анықтау.
Материалдар мен әдістер. Гистологиялық әдіске кіндік баулар асқынбаған жүктіліктен
кейін тірі, мерзімінде жаңа туылған нәрестелерден жиналды. Материалды
гистологиялық әдістерді қолдана отырып, зерттеу гистология кафедрасының
морфологиялық лабораториясында жүргізілді. Гистологиялық парафинді блоктардан
«Accu-Cut SRV» 200, Sacura Finetek, USA ротациялық микротомын қолдана отырып,
қалыңдығы 4-5 мкм болатын кесінділер даярланды.
Описание: