Аннотации:
Ұсынылған әдебиет шолуында өкпе туберкулезінің өкпенің бейспецификалық
ауруларымен жанасуы жайлы негізгі мәселелері қаралды, 2000 жылдан
2017 жыл аралығындағы ғылыми-зерттеу зерделенді. Электрондық PubMed,
Web of Knowledge (Thompson Reuters), elibrary.ru, Google Academy,
elibrary.kz, базаларында ғылыми мақалаларды іздеу келесі кілт сөздер
арқылы жүгізілген: «туберкулез», «өкпенің бейспецификалық аурулары»,
«антибиотикорезистенттілік». Ғылыми мақалаларды әдебиетке қосу критерийі
Қазақстанда, ТМД елдерінде, бүкіл әлемде зерттеу болды. Тақырыбымызға
байланысты 300 мақала анықталды, оның ішінде 52 мақала біздің зерттеу
жұмысымыздың негізгі мақсатына қатысты болды.
Өкпе туберкулезінің өкпенің бейспецификалық ауруларымен қосарлануында
туберкулезді процестің ағымы біршама қиындайды, көп симптомдылық
байқалады, альтеративті және экссудативті өзгерістер басымдылығы байқалады.
Қосарлану процесі кезінде өкпе туберкулезінің ем нәтижесі нашарлауы
байқалады, қуыстардың жабылу мен қақырықтағы бациллабөлгіштіктің тоқтау
пайызы төмендеп, сауығу мерзімі ұзарады.
Описание: