Abstract:
Өзектілігі. Акушерияда жиі босануды қоздыру (6,8%) қолданылады, олардың
ішінде 11,6% жағдайда нәрестелерде әртүрлі денсалықтарының бұзылыстары
байқалады.
Зерттеудің мақсаты: Босануы қоздырылған аналардан туылған нәрестелердің
ерте неонаталдық кезеңінің бейімделу ерекшеліктерін зерттеу.
Материалдар мен әдістері: 2016 жылы Ақтөбе облыстық ауруханасының перзентхана бөлімінде қоздырылған босанудан туылған нәрестелердің даму
тарихтарына ретроспективті талдау жүргізілді. Барлығы аталмыш мекемеде 4378
әйел босанған, олардың 6,8%-на (315 босану) босануды қоздыру қолданылған.
Алынған мәліметтер статистикалық әдіспен өңделген.
Зерттеу нәтижелері: Талдау мәліметтері бойынша қоздырылған босанудан
туылған нәрестелердің 1/3 бөлігінде (35%) респираторлы дисстресс синдромы
(РДС), ¼ бөлігінде (24%) ми ишемиясы, 11% транзиторлы тахипноэ анықталған.
Туа біткен ақаулар 6 жағдайда (13%) және басқа көптеген ауытқулар анықталған.
Анамнезінде жасанды және өз бетінен жүктіліктің үзілуі болуы жиі (47,5%)
босануды қоздыруды қолдану себебі болып келеді. Босануы қоздырылған
аналардан туылған нәрестелер арасында, босану кезінде ешқандай қоздыру
тәсілдері қолданылмаған аналардан туылған нәрестелермен салыстырғанда,
өлім-жітім көрсеткіші 2 есе артық болып келеді.
Зерттеу нәтижелерін талдау: Талдау нәтижелері көрсеткендей балалар
арасында индуцирленген босанудан туылғандардың 1/3 бөлігінде (38%)
респираторлық дисстрес синдромы анықталады (РДС), дегенмен Имангалиева
А.С. деректері бойынша [10], бұл балалардың, әсіресе, мерзімінен артық
жүктіліктің 65% жағдайында ауыр жүйке жүйесінің зақымдануы кездеседі. Ауру
балалардың аналарының жартысына жуығының (47,5%) анамнезінде 1-2 немесе
3 медициналық аборт, дамымай қалған жүктілік, түсіктер болған.
24% аналарда индукцияға көрсеткіш бойынша ұрық жағдайының бұзылуы,
плацентаның ажырауы, 7% тексерілген балаларда әртүрлі созылмалы
соматикалық аурулар анықталды.
Брыксина Е.Ю. зерттеу нәтижелері бойынша 56% жағдайда жүкті әйелдерде
әртүрлі дәрежедегі анемия тіркелген және 10% жағдайда преэклампсия, ал біздің
нәтижелер бойынша ⅛ әйелдерде әртүрлі дәрежедегі анемия болған және 9%
әйелдерде преэклампсия болды, бұл әдеби деректерден аса айырмашылығы жоқ
екендігін көрсетеді
Description: