Abstract:
2017 жылдың 12 сәуірінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани
жаңғыру» атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақалада еліміздің алдағы уақытта дамуы үшін қажетті шарт – сананың жаңғыруы, оның ішінде ХХІ ғасырдағы
ұлттық сана туралы басты басымдықтар тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңа заманға байланысты жаңғыртудың басты ұстанымының
көрсеткіші екендігі айтылады.
Біздің Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінде де осы Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында нақты іс-шаралар
жоспары жасалды. Бұл жоспар аясында қолға алынған жобаның бірі «Батыс Қазақстан денсаулық ісі мен медицинасының дамуы: тұлғалар мен тағдырлар» деп
аталады. Жоба аясында «Батыс Қазақстан медицина журналы» бетінде «Рухани
жаңғыру» айдары ашылып, онда өз өлкемізден шыққан танымал дәрігерлер, медицина саласына ерекше еңбек сіңірген тұлғалар туралы мақалалар сериясын
жариялау жұмысы басталды. Осы мақсаттағы жұмысты біздің жерлесіміз – медицина ғылымдарының докторы, профессор, КСРО Медицина Ғылым Академиясы мен Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі - Ишанбай
Қарақұлұлы Қарақұлов туралы жазылған мақаладан бастағанды жөн көрдік.
Мақала Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының негізінде
жүзеге асырылып жатқан «Туған жер» бағытының аясында, туған өлкеміздің
танымал тұлғаларының бірі, дәрігер-ғалым – Ишанбай Қарақұловтың өмірі мен шығармашылығының кей беттерін, ұрпақ тәрбиесі, ұлт болашағы туралы
ойларын, ғалымның адамгершілік, ізгілік, педагогикалық мәселелер жайлы
пікірлерімен таныстырады.
Description: