Abstract:
Мақсаты. Ақтөбе облысы бойынша 2013-2017 жылдардағы сүт безі қатерлі ісігінің аурушаңдық пен өлім көрсеткішіне
эпидемиологиялық талдау жүргізу.
Қолданылған әдістер мен материалдар. БҚММУ медициналық орталығының статистикалық бөлімінің онкологиялық
аурушаңдық регистрі мәліметтеріне ретроспективті талдау жүргізілді.
Зерттеу нәтижесі. Зерттеу нәтижесінде Ақтөбе облысында қатерлі ісіктердің жеке түрлерімен аурушаңдық бойынша сүт
безі қатерлі ісігі өсуге бейім екендігі анықталды, яғни 2013-2017 жылдар аралығында 20,6-дан 25,1-ге дейін артқан, өсу темпі
5,1% құрады. Ағымдағы жылдарда сүт безі қатерлі ісігімен ауыратын науқастар саны 100 мың тұрғынға шаққанда 155,2-ден
177,4% артқаны байқалады. Сүт безі қатерлі ісігінен өлім көрсеткіші Ақтөбе облысы бойынша 2013 жылы 56,7 % құраса,
2017 жылы өлім көрсеткіші 47,1% дейін азайған. Сүт безі қатерлі ісігін диагностикалау сапасының артуы мен нәтижелі ем
жүргізу қатерлі ісіктерді ерте сатысында анықтауға және уақтылы ем жүргізуге, ал бұл өз кезегінде өлім көрсеткішін азайтуға
мүмкіндік береді.
Description: