Аннотации:
Туа біткен даму ақаулары себебі ретінде көптеген түрткілер
аталады, бірақ құрсақішілік инфекцияның және анасының жасының
нәрестелерде даму ақауларының қалыптасуында алатын орны туралы ғылыми
зерттеулер – жоқтың қасы. Сондықтан, біздің мақсатымыз – нәрестелерде туа
біткен даму ақауының құрсақішілік инфекциямен және анасының жасымен
байланыстылығын зерттеу. Зерттеу нәтижесі бойынша ең жиі кездесетін
ақауларға туа біткен жүрек ақаулары жатады және жүрек-тамыр жүйелері
ақауларымен туылған нәрестелерде жиі цитомегаловирусты инфекция мен
микст инфекция байқалады. Сонымен қатар, туа біткен даму ақаулары 30
жастан асқан аналардан туылған нәрестелерде жиі анықталады және жүктілік
саны 4-реттен артық жүктіліктен туылған нәрестелерде туа біткен даму
ақауымен туылу қаупі артады.
Описание: